Қамқоршылық кеңес
- Толығырақ
- Категория: Казахский
- Жарияланды Сейсенбі, 17 Мамыр 2022 05:01
- Автор: Super User
- Қаралды: 235
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ («Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім жән ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығына сәйкес) Қамқоршылық кеңестің құрылуы туралы жариялайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына Мемлекеттік емес ұйымының өкілі қажет
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстар Жітіқара қ., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ, В.И. Ленин көшесі, 108А құрылысы бойынша қабылданады. Тел.: 2-05-15.
Өтінімді және құжаттарды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштаға жолдау қажет.