80 алма көшеттерін отырғызу

29 қыркүйек күні Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері ЖРО еріктілермен, «Jastar Ruhy» жастар қанатының белсенділермен және ЖПК «Максимум» еріктілермен бірлесіп 6 ықшамауданындағы хоккей алаңының аумағында 80 алма ағаштарының көшеттерін отырғызуға қатысты.

Қаланы көгалдандыру – өте маңызды үдеріс, қаланың сырт келбетіне ғана әсер етпей, барлық ауданның экологиясына оң әсерін тигізеді. Биыл біздің сүйікті ауданымыз өзінің 95- жылдығын атап өтеді деп белгілеп өту қажет.