16 НАУРЫЗ – «ШЕЖІРЕ КҮНІ» («АТА-БАБАНЫ ЕСКЕ АЛУ ЖӘНЕ БАТА КҮНІ»)
- Толығырақ
- Категория: Тәрбие жұмысы
- Жарияланды Бейсенбі, 16 Наурыз 2023 05:18
- Автор: Super User
- Қаралды: 98
Наурыз мейрамын тойлау кезінде, туысқандар мен жақындарға барғанда, олармен кездескенде, Наурыз-көжемен дәм татқанда берілетін бата ерекше орын алады. Бұл күні Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығында Жітіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту Орталығымен бірлесіп «Шежіре күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Тілдерді оқыту Орталығының қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтудің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ырымдары, өз шежіресін білу және ата-баба жайлы балаларға баяндап берді. Балалармен викторина өткізіп, ұлттық ойындар ойнады. Іс-шараның аяқталысымен балаларға бата берілді. Аталған мерекелік іс-шара халықтың бірлігін, берекесін, достық пен ынтымақтастығын нығайтуға, ұзақ ғұмырдың құндыдылығын жетілдіруге, адалдыққа, мейірімділікке және әділдікке ұмтылуға бағытталған.