17 наурыз тарих күні деп жарияланды
- Толығырақ
- Категория: Тәрбие жұмысы
- Жарияланды Жұма, 17 Наурыз 2023 11:45
- Автор: Super User
- Қаралды: 92
«Наурыз мейрамын» атап өтудің іс-шаралар жоспарының аясында, 17 наурыз Тарих күні деп жарияланды. Бұл күні Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілері үшін «Асбест» мәдениет үйіндегі ұлттық өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты ұлттық құндылықтарға баулу, Отан тарихын жан-жақты тану арқылы өз еліне, өз жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Тәрбиеленушілер 12.00 сағатта балалар шығармашылығы Үйіне барып, жетекші Д.К.Маликаджаровтың «Дарын» домбырашылар студиясының орындауындағы «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ерке сылқым», «Адай» қазақ күйлерін тамашалап, тыңдап шықты.