Онлайн-дейтинг

2023 жылдың 5 қазанынан бастап Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілері республикалық онлайн-сессияларға қатысып жүр. Сессиядағы қарастырылған тақырыптар: Онлайн-дейтинг,

қашықтықтағы қарым-қатынас және виртуалды күйзеліс: цифрлық замандағы махаббат қалай құрылған», «Қауіпсіз онлайн: кибер алаяқтарға қалай тап болмау керек», онда цифрлық әлемнің қарым-қатынасқа және қауіпсіздікке қалай әсер етеді; әлеуметтік желілердегі ашықтық пен құпиялылық арасындағы теңгерімді қалай таба алу керек, қауіпті онлайн-танысуларды қалай ажыратуға болады деген мәселелер талқыланды. Сессияның спикерлері болып ЮНЕСКО Институтының білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар бойынша білім және денсаулық жөніндегі жобалардың Координаторлары - Юлия Плахутина, Екатерина Самолыго, Пермь университетінің доценты, медиа жаттықтырушы, филология ғылымының кандидаты Иван Печищев баяндама жасады.