«Sanaly urpaq – 2050» ҚҚ

 

«Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ «Sanaly urpaq – 2050» ҚҚ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2023 жылдың 31 қазанда «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Tra-Well» әлеуметтік жобасы бойынша

«Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығы» КММ тәрбиеленушілерімен және «Лидер» ЖҚҚ еріктілерімен танысу және бірлесіп тренингтерді өткізу үшін Қамысты ауданына саяхатты  ұйымдастырды. Тренингтер барысында балалар өзінің көшбасшылық қасиеттерін ашты, топта жұмыс істеді, әрбір қатысушы дұрыс таңдау жасаудағы өз қабілеттерін көрсете білген «Шешімді қабылдау» және «Позитивті тіл алмасу» атты рольдік ойындар өткізілді. Ойыншылардың бірлігі топтық рухты қалыптастыруға өз көмегін тигізді.