Ыбырай Алтынсарин – педагог ағартушы

2023 жылдың 1 қараша күні «Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ «Ыбырай Алтынсарин – педагог ағартушы» тақырыбына тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара көптеген жылдар бойы білімге шақыратын ұлы өлең сөздерінен басталды:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар

Тәрбиеленушілердің назарына ұлы педагог өмірінің маңызды оқиғалардың фактілері туралы презентация ұсынылды. Балалар оның оқу-ағарту қызметімен ғана айналыспай, Ы. Алтынсарин болыс және ауыл мектептерінің түрлерін құрастырды, сонымен қатар Ырғыз қаласындағы қазақ қыздары үшін (пансионатпен бірге) училищелерді ашты, онда қолөнер, орыс сауаттылығы және арифметиканы оқытты. Ы. Алтынсарин өзінің көп күшін қолөнерлік және ауылшаруашылық мектептерді ашуға жұмсады. Ы.Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің қалаушысы деп атаған.   

Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, жазушы, ақын, ғалым… Бірақ халық есінде даланың алғашқы мұғалімі деп сақталады.

учитель в степи.