«Халықаралық бала күні: балаларға арналған өмір»

2023 жылдың 20 қарашасында «Халықаралық бала күні: балаларға арналған өмір» Республикалық онкүндік аясында балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілері «Буратино хикаялары»

атты спектаклінің тұсаукесеріне Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейіне шақырылды. Қойылым өте қызықты және есте қаларлық болды, балалар шынайы театрда болғандай!

Қойылымнан кейін ертегінің кейіпкерлері Орталықтың тәрбиеленушілерімен бірлесіп жақсы ықыласпен, достықтың белгісі ретінде «алтын кілтті» құрастырды және бір-бірімен алмасты.