Дүниежүзілік Еріктілер күні

2023 жылдың 1 желтоқсанда Еріктілердің Халықаралық күні қарсаңында Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығына Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қонаққа келді. Балалар ойындарды,

сайыстарды және билерді қамтитын ойын-сауық іс-шарасын ұйымдастырды. Орталықтың тәрбиеленушілері үлкен қызығушылықпен конкурстық бағдарламаға қатысты. Барлық іс-шараларда позитивті ахуал орнады. Балаларды ертегілік кейіпкері Тедди аюы шаттандырды. Іс-шараның соңында барлық балаларға сыйлықтар және тәттілер сыйға тартылды. Қоштасу сәтінде тәрбиеленушілер қонақтарға қуаныш, жақсы көңіл-күй және сыйлықтар үшін алғыс білдірді.