Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сенбі, 16 Желтоқсан 2023 01:18
- Автор: Super User
- Қаралды: 73
Тәрбиеленушілерінің қазақстандық отансүйгіштікті, белсенді азаматтық ұстанымды, отансүйгіш тануды қалыптастыру мақсатында, Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шара викторина нысанында өтті. Ойын алдында балалар «ҚР Тәуелсіздік күні» атты фильмін қарап өтті. Қазақстан халқының тәуелсіздік ұмтылған жолы өте ұзын және қиын болды. Тарих мыңжылдық тереңіне апарады. Бірақ, қиындықтарды жеңіп, Қазақстан тәуелсіздікке жетті. Тағы да есте қаларлықтай күндер аталды: 1990 жылдың 25 қазан күні – Мемлекеттік тәуелсіздік Декларациясын қабылдаған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсан күні – Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заң, 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана болды, 1995 жылы – ҚР Конституциясының қабылданған күні. Балалар сұрақтарды талқылау барысына белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының құрылуы, әйгілі ғалымдар, ағартушылар, жазушылар және ақындар жайлы білімді жақсы деңгейде көрсете алды.
Біз әрбіріміз өз мемлекетіміздің патриотымыз. Біз осы жерде туып, өсіп, білім алып, қызмет атқарамыз. Сондықтан, біз ешқандай қиындықтарға қарамай, өз еліміздің тарихын білуіміз қажет. Іс-шараның соңында балаларға кішігірім сыйлықтар таратылды.