Жаңа жыл – балалардың ең сүйікті мерекесі
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сенбі, 16 Желтоқсан 2023 02:18
- Автор: Super User
- Қаралды: 100
Мерекелердің ең сүйіктісі және асыға күтетін – Жаңа жыл келе жатыр! Жаңа жыл – балалардың ең сүйікті мерекесі.
Ол ғажайыппен, ертегімен және көптеген сыйлықтармен, тосынсыйлармен байланысты болады. 2023 жылдың 14 желтоқсанда «Қостанай минералдары» Акционерлік қоғамының А және Б ауысымдарының құттықтауы Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін жаңа жыл қарсаңындағы керемет тосынсый болды. Жаңа жылға тән Аяз ата және Ақшақар балаларды құттықтап өтті. Балалар сыйлықтарды таңқала, үлкен қуанышпен, рақатпен қарсы алды. Әрбір балаға сыйлық сыйлаған кезде, олардың түрлерін көру өте әсерлі болды! Балалар өз бақыттарына сене алған жоқ, өйткені әрбірі армандаған сыйлығын алды. БАРЛЫҚ балалар сыйлық алды!
Орталықтың әкімшілігі атынан, әсіресе балалардың атынан, шынайы, сиқырлы Жаңа жыл мерекесінің сезімі үшін үлкен алғыс және ризашылық білдіреміз! Сіздің игі істеріңіз үшін барлық жақсылықты, береке тілейміз!