«Сиқырлық және Жаңа жыл!»

    2023 жылдың 25 желтоқсанда Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығында «Сиқырлық және Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық қойылымы өткізілді. Мерекенің ұйымдастырушысы болып «Бірлік» ҮЕМ еріктілері болды.

    Орталық жаңа жылдық гирляндамен, түрлі түсті шарлармен безендірілді, залда балаларды жаңа жылдық жылтырақпен әшекейленген сәнді шырша қарсы алды. Жарқын костюм киген балалар ертегі кейіпкерлерін: қатал Қоянды, ағасы және апасы бар Гринчи, Алдар Көсені, Баян сұлуды, Айдаһар және бұғыларды қуана қарсы алды. Балалар ертегі кейіпкерлеріне жай қарамай, өздері де жаңа жылдық шытырман оқиғаның қатысушылары болды: жаңа жылдық сыйлық ретіндегі аяқ киімді безендірді, шырша ойыншықтарын жасады, өлеңдерді айтты, дөңгелек би билеп және Аяз атаны қатал Қояннан құтқарды.

   Мереке барысында бәрі де өте қуанышты және қызық болды. Әсіресе, көңілді Бұғылар және ағасы мен апасы бар Гринч балаларға ұнады, олар қорқынышты емес, өте күлкілі кейіпкерлер болып шықты.

Балаларды келіп жатқан Жаңа жылмен Орталық директоры Юсупова Г.Н., Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер Ерофеева А.В., «Торговый дом КМ» ЖШС директоры Ким М.Е. құттықтады, оларға қуаныш және денсаулық, сергектік және болашаққа сеніммен қарауды, оқудағы сәттілікті және армандардың орындалуын тіледі!

Мерекенің соңында Аяз ата өзінің  сиқырлы қапшығынан барлық тәрбиеленушілерге жомарттылықпен сыйлықтарды сыйлады.

   Тәтті сыйлықтарды «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС және Қостанай қаласынан жеке кәсіпкер Малькова Ю. жұмсақ ойыншықтарды, киім-кешектерді және тәттілерді барлық тәрбиеленушілерге сыйлады.

         Балаларға әрқашан көңіл бөлетін, қамқоршылық көрсететін және олардың армандарын орындайтын барлық жандарға үлкен Алғысымызды білдіреміз!!!

shorts/PTFgREe1ncI