Жаңа жыл құтты болсын
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Жұма, 29 Желтоқсан 2023 09:15
- Автор: Super User
- Қаралды: 82
Жітіқара ауданының балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілерін жаңа жылдық құттықтаулары жалғасуда. 2023 жылдың 27 желтоқсанда балаларды келе жатқан ЖАҢА ЖЫЛМЕН «МехЛитКом» ЖШС директоры Ахметов Р.Г. құттықтап келді, ол дамыту ойындарын сыйлады;
«Жітіқара» Шекаралық бөлімі «Желкуар» шекаралық бақылау бөлімшесі (автомобильдік) және «Қондыбый» (автомобильдік) ҚР ҰҚК Шекара қызметі бөлімшесінің өкілдері әр балаға жеке тәттілері бар қораптарды, бояуға арналған суреттерді және дамыту ойындарын сыйлады; Жітіқара политехникалық колледжі студенттері балалармен ойындарды және сайыстарды ұйымдастырды және тәтті сыйлықтарды сыйлады, «Гурман» кафесі балаларға тағы да өзінің дәмді тағамдарын сыйға тарту етті. Орталықтың тәрбиеленушілері және әкімшілігі Сіздің құттықтауларыңыз, сыйлықтарыңыз және сиқырлы мереке қарсаңында балаларға сыйлаған Жаңа жылдық ғажайыптар үшін Сізге үлкен Алғысымызды білдіреміз!!! Сізге денсаулық, береке, ісіңіздің өркендеуін және армандарыңыздың орындалуын тілейміз!!!