«KINO PLUS»

2024 жылы 5 қаңтар күні Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Алла Ерофеева тосынсый жасады, ал бұл тосынсый - «KINO PLUS» кинотеатрына бару болды.

Балалар үлкен қызығушылықпен «Миграция» мультипликациялық фильмді қарап шықты. Балалар зор шаттықпен үйректер отбасының -  қаңқылдақтардың Ямайкаға әсерлі саяхатын қарады.

Жеке кәсіпкер А.В. Ерофееваға балаларымызға мейірімділіктің, қуаныштың және көтеріңкі көңіл күйдің бір бөлігін сыйлағаны үшін үлкен Алғыс білдіреміз.