«Балаларға осы керегі - бақыт, күн, достық
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сәрсенбі, 07 Ақпан 2024 11:23
- Автор: Super User
- Қаралды: 60
6 ақпанда 2024 жылы аудандық балалар кітапханасы КММ «Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» үшін, келген тәрбиеленушілерге «Балаларға керегі - бақыт, күн, достық»= «Счастье, солнце, дружба - вот что детям нужно» атты ойын бағдарламасын өткізді. Шара басында бүлдіршіндерге «Мейірім»,
«Мейірімділік», «Бақыт», «Достық» сияқты ұғымдар, ауызекі халық шығармашылығының ең көне жанры – ертегілер туралы айтылды. Ертегілердің қандай екенін еске түсірдік.
Шара барысында балалар қазақтың ұлттық ойыны «Тақия тастамақ» ойынын ойнап, жүргізушіні қуып жетіп, шеңберден орын алуға тырысты. Жүргізушіге жете алмағандар өнер көрсетіп, өлең оқып, әндерін айтты. Кейін «Көтермек» ойын ойнады.
Шара соңында кітапханашы жұмбақтар жасырып, «Ертегі» атты викторина өткізді, балалар викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап берді. «Мейрімділік, Күн, Бақыт және Достық» тақырыбындағы әдебиеттерді тамашалады.