Ауған соғысының жаңғырығы
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 15 Ақпан 2024 11:23
- Автор: Super User
- Қаралды: 76
Біздің ашық жүректерде,
Ауғаныстан әлі тірі.
Сол соғыс, сол батырлық, сол күш үшін,
Алғыс айтамыз, жауынгер!
Өз Отанын – Қазақстан Республикасын қазақстандық отансүйгіштік және халықаралық рухта қорғауға жастарды тәрбиелеу мақсатында, 2024 жылдың 6 ақпанынан бастап 14 ақпанға дейін Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңестік әскерді шығаруға арналған аптасы өткізілді.
15 ақпан бұл – Ұлы отан соғысынан екі есе ұзақ созылған батыл және құрбандық Ауған соғысының күні. Сонау алшақ Ауғаныстанда кеңес жауынгерлері өзінің ең күшті адамгершілік қасиеттерін көрсете білді: батырлық, өжеттілік, мейірімділік. Осы жылы Кеңес әскерилерін Ауғаныстаннан шығарғанға 35 жыл толды.
2024 жылдың 9 ақпанында Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығында «Ауған соғысының жаңғырығы» атты слайд-көрсетілім өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: 1979-1989 жылдары Ауғаныстанда болған оқиғалармен таныстыру; отансүйгіштікті, халықаралық борышты өтеген ауған жауынгерлеріне алғыс айту сезімін тәрбиелеу болды. Тәрбиеленушілер Ауған соғысының тарихымен танысты, кеңес әскерилерінің орны толмас жоғалтулары, біздің жерлестеріміз туралы білді. Барлық қаза болған жауынгерлердің есімін минуттық үнсіздікпен еске алды, жауынгерлік борышын өтеу кезінде жоғары рухын, батырлығын, өжеттілігін, қажымас қайраттылығын көрсете білген жандарға тағзым етіп, Ауғаныстандағы соғыс әрекеттерінің қатысушылары жазған өлеңдер оқып, құрмет көрсетті.
Ауырсынудан, қаннан және қазадан өткен, барлық қиыншылықтарды бастан өткізген барлық тұлғаларға тағзым етеміз. Жеңімпаздардың ұрпағы қандай батыл болуы керектігін, өзінің бүкіл тағдырымен көрсете білген барлық жандарға алғыс айтамыз!