Алғыс күні
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 29 Ақпан 2024 11:23
- Автор: Super User
- Қаралды: 50
1 наурыз күні Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығында дәстүр бойынша Алғыс күні аталып өткізілді. «Әділетті Қазақстан - Адал Азамат» мерекелік концертпен «Асбест» аудандық мәдениет үйі балаларды құттықтауға келді. Бағдарламаға «Балдәурен» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі, «Танцевальная графика» халық эстрадалық би ансамблі, аккордеон дуэті және балалар шығармашылық үйінің оқушысы Дробышев Юлиан қатысты.
Орталық тәрбиеленушілерін Жітіқара ауданының мәслихат аппаратының басшысы З.С. Урманова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.А.Жабулов, қамқоршылық кеңесінің мүшелері: «Бірлік» МЕҰ-ң жетекшісі Цай Ю.Ю., «Авангард» газетінің тілшісі Т.А. Жаманкулова, Жітіқара ауданының ЖПҚБ ҚПБ ҚЮП полиция майоры Г.К. Доскалиева; аудандық мәдениет үйінің директоры М.Д.Сатмуханбетова; жеке кәсіпкер Л.П. Булудов құттықтап келді.
Қонақтар өз құттықтау сөздерінде біздің еліміздің тарихын дәріптеуге, бір-біріне сыйластықты танытуға, аманшылық, бейбітшілік, денсаулық және өмірдегі үлкен бақытты тіледі. Өз ретінде балалар барлық қонақтарға жүрек пішінді, өз қолымен жасалған кәдесыйлықтарды сыйға тартты.
Іс-шараның соңында концерт қатысушылары және Орталық тәрбиеленушілері флешмоб орындап, «Атамекен» әнін айтып шықты.
Орталық тәрбиеленушілері және ұжымы атынан көрсетілген қолдау, көмек үшін, баға жетпес жәрдем және адамгершілік жылуы үшін барлық бей-жай қарамайтын жандарға үлкен, шын жүректен Алғысымызды білдіреміз! Сіздің қайырымды жүрегіңіз әрқашан сүйіспеншілікке, сенімге, татулыққа, абыройға толы болсын! Жасаған ізгі істеріңіз Сізге қайтсын! Сізге гармония және бақыт тілейміз!
#оқуағарту #алғысайту