«Лидер» ЖҚҰ
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Жұма, 01 Наурыз 2024 11:23
- Автор: Super User
- Қаралды: 105
2024 жылдың 1 наурызында Жастар ресурстық орталығы «Лидер» ЖҚҰ еріктілерімен бірлесіп Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін құстарға арналған астау жасау бойынша «Жылу» атты шеберлік класын ұйымдастырды.
Қыста және ерте көктем кезіндегі құстарды тамақтандыру – қанаттыларға көмек көрсетудің ең тиімді амалы. Осындай жыл мезгілінде табиғаттың ғажайып жаратылыстарын тамақтандыру өте маңызды. Балалар белсенді қатысып, қанатты достары үшін жайлы астауларды пластикалық беслитрлі бөтелкеден, картон қорапшалардан жасап, оларды акварельді бояулармен безендіріп, Орталық ауласындағы ағаштарға ілгізіп қойды.