Муражай

2024 жылдың 15 наурызында Наурыз мейрамын атап өтуге байланысты іс-шаралар аясында балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілері Жітіқара ауданы білім бөлімінің жалпы білім беретін №10 мектептің базасында орналасқан мұражайға барып келді.

Балаларды  экскурсия жетекшісі - мұражайдың меңгерушісі Анжелика Викторовна Стоббе қарсы алды. Ол 1970 жылы кірпіші қаланған мұражайдың ашылуы туралы ақпарат берді. Балалар мұражайдың жәдігерлерін зерттеп, қызық саяхаттады. Мұражайда 768 шынайы және қосалқы қордың 1861 жәдігерлері сақталады, бұл үй ыдыстарының бірегей заттары, қазақ, татар, украин халықтарының киім-кешектері, Ұлы Отан соғысы қатысушыларының шынайы құжаттары және сыйақылары.

Мұражайдың экспозициялары Жітіқара қаласының тарихы, ҰОС қатысушылары және Ауғаныстандағы халықаралық борышын өтеген әскери қызметкерлер, мектеп тарихы және оның түлектері жайлы баяндайды.

         Тәрбиеленушілер өткен шаққа қосыла алды. Мұражайға барған әрбір адам өзінің ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Мұражай балалардың рухани әлемін қалыптастырудың құралы болып саналады. Балаларға экскурсия өте қатты ұнады, олар әсерлі болды. 

         Мұражайға жәдігерлерді әкелетін барлық ұйымдастырушыларға және ауданның немқұрайлы қарамайтын жандарға  алғыс білдіреміз.