Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2024 жылдың 27 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен «Есте сақтауға да қорқынышты, бірақ ұмытуға болмайды!» ақпараттық сағаты өткізілді.  Балалар «Саяси қуғын-сүргін» ұғымы жайлы,

20 ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстан аймағындағы лагерьлер жүйесі туралы ақпарат алды.

Іс-шараның барысында тарихи-әдеби хабарламалар тыңдалды, «Карлаг тарихы» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Тәрбиеленушілер Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің пайда болуы жайлы кішігірім тарихи анықтама алды және 31 мамыр – Қазақстан тарихындағы жан түршігерлік оқиғалардың күні екенін білді.

Аталған күні саяси құғын-сүргіннен жазасыз құрбан болған, жоғалған немесе жапа шеккен жандарды еске алып қана емес,   сонымен қатар ұжымдандыру жылдары аштықтан қайтыс болған жандарды да еске алу күні.

 Іс-шара үнсіздік минутымен және келесі сөздермен аяқталды: «Тарихты өзгерту мүмкін емес, біз, қазақстандықтар үшін басты мақсат сол кездегі оқиғалардың өрбуі туралы, ешбір оқиға, ешбір күні, ешкімнің де тағдары ұмытылмайтындай қылып ұрпақтан ұрпаққа ақпарат беру. Өткенді есте сақтап, осындай оқиғалардың қайталанбауына уәде береміз!»