Балаларды қорғау күні
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сенбі, 01 Маусым 2024 07:49
- Автор: Super User
- Қаралды: 53
Міне, көптен күткен жаз да келіп қалды. Маусымның алғашқы күні еліміз қуанышты Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелейді. Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері де осы мерекеден тыс қалған жоқ.
1 маусым күні «Асбест» аудандық мәдениет үйінің ашық алаңдарында Өлкетану мұражайының қызметкерлері біздің тәрбиеленушілеріміз үшін квест-ойынды ұйымдастырды. Іс-шара өте көңілді болды, балалар үлкен қызығушылықпен белсене қатысты. Мерекелік көңіл-күйдің жалғасы ретінде балалар «Семья» отбасылық мереке студиясына барып, онда "Golden place" кафесі және басқа да демеушілерімен балалар үшін тәтті, жемістері бар, дәмді пиццамен дастарқан, неондық сауықтыру іс-шарасы, ойындар, сайыстар, би билеу ұйымдастырылды.
Бұл керемет қуанышты күн "Горный лён" кафесіне барумен аяқталды. Онда тәрбиеленушілер үшін мерекелік дастарқан жайылды.
Дәмді тағамдардан кейін, балалар үлкен қызығушылықпен түрлі ойындарға белсенді қатысты.
Балаларға өте қызықты және өте көңілді болды. Жұмбақтар, сайыстар және би билеп берілетін тапсырмалар балалардың көңіл-күйін көтерді.
«Асбест» аудандық мәдениет үйінің басшылығына, «Семья» отбасылық мереке студиясына, "Golden place" кафесіне және басқа да демеушілерге, "Горный лён" кафесіне іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін, мерекелік көңіл-күй үшін және дәмді тағамдар үшін үлкен Алғысымызды білдіреміз!