«Жайдарлы жаз» концерттік
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Жұма, 31 Мамыр 2024 07:49
- Автор: Super User
- Қаралды: 78
1 маусым – жазғы каникулдардың басталуы ғана емес, бұл демалыстың, күлкінің, қуаныштың, сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күні. Дәстүрге сәйкес осы күні Орталықта мерекелік көңіл-күй болды, әндері және билері бар «Жайдарлы жаз» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Концертті Орталық тәрбиеленушілері дайындады, сондай-ақ балалар шығармашылығы үйінің оқушысы Данелия Еркенова «Я влюбилась в крокодила» атты көңілді әнді шырқады, ал Мухтаров Мирас, Кубжасаров Арыстанбек, Өмірбекұлы Мұхаметжан, Рыспаева Аяулым, Сапарова Арайлым, Аишева Аяна «Ерке сылқым» күйін дүбірлеп орындап шықты.
Алғашқы құттықтаумен Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф.Г. Балашов сөз сөйледі, Жітіқара ауданының әкімі атынан «МехЛитКом» ЖШС директорына, жеке кәсіпкер М.Ж.Бектибаевқа («Горный лен» мейрамханасы), жеке кәсіпкер С.А. Балтабаевқа («Гурман» кафесі) «Жас ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көп жылғы ынтымақтастық және қайырымдылық көмек үшін» алғыс хаттарды табыстады.
Орталық тәрбиеленушілерін «Комаров тау-кен кәсіпорны» басқарма төрағасының атынан қоғаммен байланыс бойынша бөлімінің басшысы А.В. Труханов құттықтап, балаларға қызықты демалысты, бақытты балалық шақты, қуанышты күндерді, жарқын болашақты тілеп, тәтті сыйлықтарды сыйға тартты.
Орталықтың директоры Г.Н. Юсупова барлық қонақтарды көмек, көрсетілген қолдау үшін, құттықтау тілектері және сыйлықтары үшін алғыс айтып, келген қонақтарға абырой мен сәттілікті тіледі. Тәрбиеленушілер өз қолымен жасалған кәдесыйларды барлық қонақтарға таратты.
Сыйлықтармен және құттықтаулармен Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.В. Ерофеева, «Бірлік» ҚҰ жетекшісі Ю.Ю. Цай және «Жітіқара ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі» РММ басшысы А.С. Досаев қонаққа келді.