"Алаш Орда" ат клубына экскурсиясы

2024 жылдың 8 маусымында жазғы каникулдар басталысымен, Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері «Алаш Орда» клубына экскурсияға барып келді.

Біздің тәрбиеленушілеріміз және Рудный қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін экскурсияны ұйымдастырған демеуші - Жанузаков Шандос. Балаларға сыйлы құрмет көрсетіп, қонаққа шақырған клубтың жетекшісі - Манаппай Азат. Клубтың жетекшісі экскурсия өткізді. Балалар аттармен, есектермен танысты және түйені көрді. Әсіресе оларға ұнаған – тазы тұқымының иттері. Барлық балалар атпен серуендеді. Жануарлармен танысқаннан кейін, балаларға түрлі тағамдарды дәм татқызды. Орталықтың әкімшілігі және тәрбиеленушілері  Жанузаков Шандосқа және Манаппай Азатқа осындай керемет демалуды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Сізге денсаулық, сәттілік және өркендеуді тілейміз!!!