Жоба ««BIRGEMIZ: SABAQTASTYQ»

2024 жылдың мамыр айында «Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-ң әлеуметтәк серіктесі, «ЭЛЛЕН» Оқыту Орталығының директоры – Е.А. Скуратовамен бірлесіп  «Білім беру ұйымдарының  «QOLDAU»

қамқоршылық кеңесі» Қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «BIRGEMIZ: SABAQTASTYQ» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттарды ұтып алу конкурсына қатысты.

Сайыстың нәтижелері бойынша серіктестік және өзара байланысу туралы 300 000 теңге сомасына Меморандум құрастырылып, қол қойылды.

16 шілдесінен бастап 13 қыркүйегіне дейін әлеуметтік жоба аясында оқыту өткізіліп, Орталықтың 3 тәрбиеленушісі сертификат алды.

Орталықта сән салонын ұйымдастыру үшін бөлме жабдықталды, онда оқытудан өткен тәрбиеленушілер өзін сән шеберлері ретінде жүзеге асыра алады және басқа жасөспірімдерді оқыта алады.

Тәрбиеленушілеріміздің өз дағдыларын әлеуметте іске асыруға мүмкіндік бергені үшін «Білім беру ұйымдарының  «QOLDAU» қамқоршылық кеңесі» Қоғамдық бірлестігіне» алғыс білдіреміз!