Балалардың тамақтануын ұйымдастыру
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 06:48
- Автор: Super User
- Қаралды: 47
2024 жылдың 26 қыркүйегінде Балаларды қолдау орталығының диеталық бибісі Г.Г. Тарасова тәрбиеленушілер арасында «Балалардың тамақтануын қамтамасыз ету. Пайдалы және зиянды азық-түліктер» тақырыбына әңгімелесу өткізді.
Ас мәзірін құрастыру кезінде жас санаты және тамақтанудың нормалары есептеледі, сонымен қатар жаз-күз, қыс-көктем перспективтік екіапталық ас мәзірі негізінде тағамдар дайындалатынын балалар білді.
Әңгімелесу барысында Галина Григорьевна Орталықтағы тыйым салынған азық-түліктер, яғни: толтырылған құймақтар, флотский макарондары, кремі бар кондитерлік өнімдері, морс, квас, газдалған сусындар, гамбургер, чипс, ащы соустар және үйде дайындалған тағамдар туралы айтып берді.
Әңгімелесу диалог нысанында ұйымдастырылды, балалар тамақтанумен байланысты көп сұрақтарды қойды, тәрбиеленушілердің тілектері ескерілді және перспективтік ас мәзіріне өзгертулер енгізілді.