Қарттар күні

Қазан айында ғажайып және тамаша мейрам бар – бұл Қарттар күні, игілік және даналықтың мерекесі! Осы күні біз үшін барлық қымбат және ардақты жандарды, үлкен және данышпан әулетті  құттықтаймыз.  

Қарттар күні – үлкен жастағы жандардың мемлекеттің және қоғам алдындағы ерекше сыйластықтың символы болып саналады.

Аталған мерекеге орай, 1 қазан күні Балаларды қолдау орталығында «Қарт адамды сыйлау және құрметтеу» атты науқаны өтті.

Осы күні тәрбиеленушілер біздің Орталықтан зейнетке шыққан қызметкерлерді құттықтады. Кәсіподақ төрайымы есте қалатындай сыйлықтарды сыйлап, ал тәрбиеленушілер ізгі құттықтаулармен жүрек – ашықхаттарды сыйға тартты.

Орталықтың әкімшілігі және тәрбиеленушілері осындай керемет мейраммен барлық қарттарды шын жүректен құттықтайды! Үлкен жастағы әулетке зор денсаулық, қажымас қайрат, өмір жасының ұзақтығын, туған-туыстар жағынан сүйіспеншілікті және ілтипатты тілейміз!