«Түрлі - түсті ғаламшар»

2024 жылдың 6 қазан күні Балаларды қолдау орталығында «Түрлі-түсті ғаламшар» тақырыбындағы асфальттағы суреттер іс-шарасы өткізілді. Орталықтың тәрбиеленушілері біздің керемет ғаламшарымызды бейнеледі.

Балалық шақта кім асфальтта бормен сурет салуды жақсы көрген жоқ? Балалар үлкен қуанышпен түсті борларды қолға алды, бірнеше минуттан кейін барлық тұрғындарды қуантып, асфальт түрлі түсті бояуларға толы болды.