«Кішкентай азаматтың құқықтары»
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 07 Қараша 2024 06:09
- Автор: Super User
- Қаралды: 47
7 қараша күні Халықаралық бала күніне арналған жоспарды жүзеге асыру аясында Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығында «Кішкентай азаматтың құқықтары» іс-шарасы өткізілді.
Тәрбиеші балаларға Халықаралық бала күні туралы және балалардың өздерінің құқықтары бар екені туралы айтып берді. Құқықтары балалардың Декларациясында жазылған. Ол Декларацияны 1956 жылы Біріккен ұлттар ұйымы қабылдады. Аталған құжатта балалардың қорғалуына және бейбітшілігіне қатысты 10 әлеуметтік ережелер құрастырылған. Іс-шараның барысында бала құқықтары жайлы жұмбақтар, мақал-мәтелдер оқылды. Карточкалардың көмегімен тәрбиеленушілер әртүрлі саладағы (мектепте, үйде, көшеде, дүкенде) өзінің құқықтарын және міндеттерін салыстырды. Балалар өз білімдерін «Ертегі кейіпкерлерінің құқықтары» атты викторинада көрсете білді. Тәрбиеленушілер өз құқықтарын оқып, өз міндеттерін мінсіз орындау қажет екенін білді.