«Кәмелетке толмағандардың құқықтары»

2024 жылдың 13 қараша күні Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығында «Кәмелетке толмағандардың құқықтары» атты Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының ПБ қызметкерлері Ш. Сабыржан және А.Аспандиярованың қатысуымен,

сұхбаттық алаңы нысанында құқықтық жаттығу өткізілді. Балалардың өмірі және денсаулығының қауіпсіздігі, құқықтары және міндеттері, сонымен қатар тәрбиеленушілердің өздерінің қолданылуындағы жеке заттарының (ұялы телефондар, ақша және т.б. сақталуына жауапкершілік туралы мәселелер талқыланды.

Ұрлау, қарақшылық жасау, бопсалаушылық, дене зақымын келтіру сияқты қылмыстарды жасау үшін жауапкершілік мәселесіне инспектор баяндап, тоқтап өтті. Жасөспірімдердің құқықтары бұзылған кездегі көмек алу үшін кімге жүгіну керектігі туралы түсіндірілді, жасалған құқықбұзушылық және қылмыстар үшін кәмелетке толмаған балаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатынын, сондай-ақ қандай жаза қолданылатыны жайлы айтып берілді. Ювеналды полицияның инспекторы көшедегі, қоғамдық, массалық демалу орындардағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға, кешкі режимді бақылауға кеңес берді. Спирт ішімдіктерін және темекі шегудің зияны жайлы еске салды, сонымен қатар осындай залал әдеттердің қаупін түсіндірді.

Іс-шараның өткізілуі барысында балалар инспекторды өте мұқият тыңдады, оларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алды.