Толеранттылықтың халықаралық күні
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сәрсенбі, 13 Қараша 2024 06:09
- Автор: Super User
- Қаралды: 29
Толеранттылықтың халықаралық күні бізге зорлық-зомбылық, терроризм, этникалық және діни қудалаудың XXI ғасырда орны болмау керектігін еске салады. Бұл мереке ЮНЕСКО
«Төзімділік ережелерінің декларациясында» салтанатты түрде жарияланды. Толеранттылық қазіргі күні бүкіл әлемнің басты мәселелерінің бірі. «Толеранттылық» ұғымы балалармен қабылданып қана қоймай, үлкен жастағы тұлғалармен әртүрлі ұғымда қабылданады, бірақ толеранттылық ұғымын балаларға түсіндіру өте маңызды.
2024 жылдың 13 қараша күні Балаларды қолдау орталығында «Толеранттылық – бейбітшілікке жол» іс-шарасы өткізілді, онда балалар «толеранттылық» ұғымымен, оның шығу тарихымен, толерантты жүріс-тұрыстың қағидаларымен танысып шықты. Іс-шараның қатысушылары толерантты тұлғаның төзімсіз тұлғадан айырмашылығын анықтауға мүмкіндік алды. Толеранттылықтың негізі басқа мәдени құндылықтарға сыйластық таныту, басқа ұлттардың салт-дәстүрлерінің, әдеп-ғұрыптарының көптүрлілігін қабылдау және түсінуге талпыну екенін білді.
Тәрбиеленушілер толерантты адамның қасиеттерін атады: шыдамдылық, әділдік, жанашырлық, кешірім, басқаны қабылдау, өзінің және басқа адамдардың құқықтарын сыйлау. Одан кейін толеранттылықтың негізгі қағидалары туралы әңгімелесті, төзімсіздіктің (төзімсіз жүріс-тұрыс) мысалдарын келтірді. Тақырыптық сағаттың соңында толерантты тұлғаны тәрбиелеудің ережелерін бірлесіп құрастырды.