«Тарих білгірлері»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту аясында, аудандық балалар кітапханасы «Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-ң тәрбиеленушілері үшін «Тарих білгірлері» атты зияткерлік ойынын ұйымдастырып, өткізді.

Кітапханашылар 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалар туралы, қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі 1991 жылғы 16 желтоқсаннан басталатыны, мерекенің пайда болу тарихы, еліміздің қалыптасу жолдары туралы айтып берді.

Зияткерлік ойын «Тәуелсіздік күні», «Қазақстан географиясы», «Ел тарихын білемін» және «Қазақстанның көрікті жерлері» сияқты айдарлар ұсынылған ойын алаңынан тұрды. Әр айдар 5 сұрақтан тұрды, олар 10-нан 50 балға дейін бағаланды. Барлық балалар ойынға белсене қатысып, дене және ақыл-ой жаттығуларына қатысып, тәтті-дәмділер алды.

Іс-шара соңында балалар Қазақстан туралы кітаптар қойылған мерекелік безендірілген әдебиет көрмесімен танысты.