Қолөнер көрмесі
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Дүйсенбі, 16 Желтоқсан 2024 02:02
- Автор: Super User
- Қаралды: 37
2024 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында Балаларды қолдау орталығында «Менің туған елім Қазақстан» атты қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі өткізілді.
Көрмеде тәрбиеленушілер өзінің қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды көрсетті. Әр жұмыстағы баланың өзіндік шығармашылығы, даралығы және қиялы бар. Барлық жұмыстар ерекше, қайталанбас және қызықты. Осындай көрмелердің өткізілуі балалардың еңбекке сүйіспеншілігін, ұқыптылығын, зейінін, Отанға деген және қоршаған табиғатқа махаббатты тәрбиелейді.