Тақырыптық сағат

Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі.

2024 жылдың 16 желтоқсанда Балаларды қолдау орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз -елдің бағдаршамы» атты тақырыптық сағаты өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – өз Отанына деген патриоттық сезімін, азаматтық борышы және болашаққа жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Іс-шара әнұранды орындаумен басталды, кейін «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараның барысында балалар Қазақстан туралы өлеңдерді айтты, сондай-ақ «Өз Отанның білгірі» викторинасына қатысты.