Жаңа жылдың қарсаңында ізгі

Жаңа жылдың қарсаңында ізгі, әсем, ғажайып ертегі басталады. Орталықтың тәрбиеленушілері үшін жаңа жылдық шырша – бұл ғажаптардың,

тосынсыйлардың мезгілі! Осындай ғажайып ертегінің ахуалын ұйымдастырған, балаларға әр жыл сайын көтеріңкі көңіл-күйді сыйлайтын «Бірлік» Қоғамдық Бірлестігі. Мерекені өткізу барысында балалар эмоцияларға толы болды: тосынсыйлар, жұмбақтар, ертегі кейіпкерлерімен жүздесу, ойындар, сайыстар, әндер, билер көп болды. Барлық балалар тәтті жаңа жылдық сыйлықтарды және ойыншықтарды сыйға алды.