KOSTANAY PLAZA
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сейсенбі, 07 Қаңтар 2025 02:02
- Автор: Super User
- Қаралды: 33
Қысқы каникулдар – бұл сиқырлы мезгіл – жаңа жылдық мерекелер және сыйлықтардың кезеңі.
2025 жылдың 6 қаңтар күні Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау Орталығының тәрбиеленушілері үшін Қостанай қаласына бару үлкен шынайы сыйлық болды.
Қалаға баруды ұйымдастырған жеке кәсіпкер Малькова Юлия, ол балаларды KOSTANAY PLAZA сауықтыру орталығына қонаққа шақырды. Түскі ас «Изюминка» мейрамханасында ұйымдастырылды, кейін балалар «THERMA PARK» жол тартып, онда эмоцияларға толы уақытты өткізді, тамаша шомылып шықты. Балалар естен кетпес эмоциялар алды, оларға ашық ауадағы бассейн өте қатты ұнады. Көңіл көтеруден кейін балаларды сыйлықтар күтті: «Авто Region 10» дүкенінен жұмсақ ойыншықтар, «Hаppy Cake» торттар, сондай-ақ Қостанай қаласының жеке кәсіпкерлерінен киім-кешектер (тымақтар, пижамалар, колготкалар).
Саяхатқа тасымалдау үшін автокөлікті ұйымдастырған «МехЛитКом» ЖШС, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бару-қайту жолындағы
Жітіқара қаласы полицияның үйлесуі ұйымдастырылды.
Орталықтың әкімшілігі және тәрбиеленушілері саяхатты ұйымдастырған және сыйлықтарды тарту еткен, көңіл бөлген, қамқорлықпен қуантқан және армандарды орындаған барлық жандарға үлкен Алғыс білдіреді!!!
Зимние каникулы – это волшебное время – время новогодних праздников и подарков.