Өрт сөндіру бөлімі
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Жұма, 10 Қаңтар 2025 02:02
- Автор: Super User
- Қаралды: 43
Өрт сөндірушілерге құрмет, олардың ісіне қызығушылық өзінің жүріс-тұрысына қатаң түрде қараудың дамуы үшін үлкен ынта болады, ал отпен бейқам ойын үшін бөгет бола алады.
Өрт қауіпсіздігі туралы ережелері өрт сөндірушілердің өздері баяндаған кезде, балалар ақпаратты мүлдем басқаша ұғынады.
2025 жылдың 9 қаңтарында кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыс жоспары аясында Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Жітіқара қ. өрт сөндіру бөліміне барды. Экскурсияның басты мақсаты – өрт сөндіруші мамандығына қызығушылық және сыйластықты ояту, өрт кезіндегі іс-қимыл туралы профилактикалық әңгімелесуді өткізу және өртке жол бермеу жайлы болды.
Балаларға өрт сөндіру бөлімінде ПЧ-12 бөлімінің командирі, аға сержант С.В. Сабитов экскурсияны өткізді. Ол қарауылдық бөлмелерді, демалыс үшін бөлмелерді, жауынгерлік киім-кешектің заттарын, өрт-құтқару құралдарын көрсетті, өрт сөндіру бөліміндегі қолданыстағы өрт сөндіру машиналары туралы айтып берді, олардың жұмысы және немен қамтылғаны жайлы баяндады. Балалар өрт сөндірушілердің оттегі маскасын киіп көрді, өрт сөндіру машинасында отырып, өздерін өрт сөндіруші ретінде сезінді. Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдап, өз сұрақтарын қойды, өрттің алдын алатын, өрт сөндіретін және адамдарды құтқаратын жандармен сұхбатынан балалар өте көп пайдалы ақпарат білді.