«Біртұтас тәрбие»

Мұражай сиқырлы қобдиша сияқты, уақыт деген ерекше құндылықты сақтайды, адам баласы жасаған мұражай заттарында өмір сүреді. «Біртұтас тәрбие»

бағдарламасы аясында, 2025 жылдың 23 қаңтарында Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Жітіқара политехникалық колледжінің мұрайжайына барды. Экскурсия жетекшісі Айша Бакитжановна мұражайдың үш залы бойынша шолу экскурсиясын өткізді. Балалар мұражай заты, жәдігер, экспозиция не екенін ұқты, мұражайдағы жүріс-тұрыс ережелерін білді. Балалар үшін бұл мазмұнға толы іс-шара болды, олар үлкен қызығушылықпен жаңа ақпаратты ұғынды және жаңа әсерлерді алды. Экскурсия барысында Белорус орталығының бұрышын таныстырып шықты, онда әрбір эскпонатты қолмен ұстай тұрып, әрбір бала белорус халқының рухын сезінді. Экскурсия жетекшісі колледж құрылуының тарихы туралы егжей-тегжейлі баяндап шықты. Тәрбиеленушілер мұражай жәдігерлерін мұқият қарап шықты, әсіресе әр түрлі жазба қағаздар көрмесі үлкен қызығушылық танытты. Тарих және шайқас даңқы мұражайында әскерилердің түрлі бас киімдерін көріп қана қоймай, қолмен ұстауға және киіп көруге мүмкіндік болды. Сонымен қатар, ерекше көбелектердің көрмесін де көруге жол ашылды, балалар олардың әртүрлілігіне, бояуларына және пішіндеріне таң қалды. Залдағы ескі аппараттардың экспозияциясы үлкен қызығушылық тудырды – бұл телефондар, басу машиналары және патефон. Экскурсия қорытындылары бойынша тәрбиеленушілер өзінің жылу әсерлерімен және тиімді эмоциялармен бөлісті. Мүмкін, болашақта олар да колледждің талапкері болады. Экскурсия соңында балаларға колледждің кітабында өз тілектерің және ұсыныстарын қалдыруға мүмкіндік берілді. Сонымен, біздің де тәрбиеленушілеріміз тарихта қалады. Өйткені, бұл кітап жәдігер ретінде көрмеге қойылатын болады.

#KOPDMONRK#UO_KOST