«Рақмет саған, Отаным!»
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сейсенбі, 25 Ақпан 2025 08:32
- Автор: Super User
- Қаралды: 28
Алғыс күні – мейірімділіктің жарқын мерекесі, татулықтың және барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктің мейрамы. Бұл президенттік бейбітшілік және келісім саясатын ұлықтау күні. Оның арқасында Қазақстанда қоғамдық келісімнің және жалпыұлттық бірліктің бірден-бір моделі жасалды.
2025 жылдың 25 ақпанында Алғыс күні тамаша мерекесі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы қарсаңында, Балаларды қолдау орталығында «Рақмет саған, Отаным!» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Мерекенің мақсаты – азаматшылдық принциптегі қазақстандық сәйкестікті дамыту арқылы Қазақстан халықтарының бірлестігін нығайту.
Алғыс сөздерімен, жүрек тәрізді әсем сыйлықтармен балалар қонақтарды қарсы алды. «Мейірімділік және шығармашылық» тақырыбындағы қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі фойеде ұйымдастырылды. 10.00 сағатта концерттік бағдарламасы басталды. Концертті Орталықтың тәрбиеленушілері, өнер мектебінің және балалар шығармашылық үйінің оқушылары дайындады.
Мерекеге қатысқандар: Жітіқара ауданының әкімі А.А. Жаныспаев, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф.Г. Балашов, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының өкілі «Денисов ауданының білім бөлімі» ММ басшысы К.Х. Алиев, «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ басшысы М.И. Бимагамбетова, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, жеке кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері. Жүргізушілердің сөздері салтанатты түрде екі тілде оқытылды. Балалар тақпақтар айтты, ән салды, би биледі. «Үш гүлдердің өмірі туралы» атты қойылымның мәні қызықты, зор болды. Бұл қойылымда балалар махаббаттың, сенімнің, үміттің, мейірімділіктің, бейбітшіліктің және әділдіктің күші, мейірімділік зұлымдықты жеңетіні жайлы айтып берді. Мерекенің соңында балалар және қонақтар «Мейірімділік туралы» әнді шырқады.
Қонақтар балаларға деген ыстық ықыластарын, жылы құттықтауларын білдірді. Концерт соңында балаларға көп сыйлықтар тарту етілді: ұлттық костюмдер, кітаптар, тәттілер және жемістер.
Балаларды құттықтап келген, өз жүректерінің жылуымен бөліскен барлық жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сізге зор денсаулық, бақыт-береке, бейбітшілік, отбасыңызға бақыт пен өркендеуді шын жүректен тілейміз!