Квест-ойын
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 27 Ақпан 2025 02:02
- Автор: Super User
- Қаралды: 30
2025 жылдың 27 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығына және Алғыс күніне орай арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін балалар кітапханасы «Достық жолы» = «Путь дружбы» квест-ойынын ұйымдастырды.
Балалар достықтың не екенін, достық болу үшін қандай ережелерді сақтау керектігін білді. Іс-шара барысында балалар екі командаға бөлініп, өз командалары үшін капитандарды таңдап, «Жұмбақты, «Шифрланған», «Ертегілер», «Достық» станцияларына барды. Әр станцияда қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, «Доссыз Өмір Тұссыз Ас» = «Жизнь без друзей, что пища без соли» деген кілт сөз тіркесін жинау үшін түйінді сөздер алды. Кітапхана қызметкерлері қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар сыйлық ретінде кітапшалар алды. Квест-ойын соңында балалар тақырыптық әдебиеттермен танысты.