Музыкалық қиялдар»
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Жұма, 28 Ақпан 2025 02:02
- Автор: Super User
- Қаралды: 34
2025 жылдың 28 ақпанда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығына және Алғыс күніне орай арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін «Музыкалық қиялдар»
атты музыкалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Мәдени оқиғаның ұйымдастырушысы, балалар шығармашылық мектебінің директоры - Огородникова Светлана Григорьевна болды.
Балаларға жанды классикалық музыкамен танысу бақытты мүмкіндігі түсті. Іс-шараның мақсаты – балалардың оң эмоцияларды сезіну және музыкадан ләззат алу үшін бірден-бір кеңістікті жасау.
Бағдарлама барысында күйсандықта, гитарамен, баянда, аккордеонда музыкалық каприччио, домбырамен күй орындалды. Осындай іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуында үлкен рөль ойнайды деп атап өту қажет.
Көрермендер назарсыз қалған жоқ, олар үшін музыкалық викторинасы өткізілді, онда қатысушылар өз білімдерін және зияткерлігін көрсете білді.