Наурызнама

 

Наурыз мейрамын атап өтудің жаңа нұсқамасына сәйкес, мерекелі онкүндіктің әрбір күні ұлттық өзін-өзі тануды насихаттауға, заманауи құндылықтарды қалыптастыруға арналады.

17 наурыз күні қазақстан Наурызнама аясында мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күнін мерекелейді, қазақ халқының құндылықтарын сақтауға және ұлағаттауға арналған. Бұл күні халықтық рухты ежелгі кезден қалыптастырған

дәстүрлерді еске алуға мүмкіндік береді.

Балаларды қолдау орталығында мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күніне арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілерді қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру; әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы тату қарым-қатынастарды тәрбиелеу.

Балалар «Бесікке бөлеу, «Тұсау кесу», «Атқа мінгізу» салт-дәстүрлері туралы айтты, қонақжайлылық, үлкендерге сыйластық сияқты қазақ халқының дәстүрлері жайлы бейнеролик көрсетілді. Ежелгі халықтың салт-дәстүрлерін сақтай отырып, қазақ халқы өз ата-бабаларын құрметтеп, дәріптейді. Қазіргі таңда қазақ халқының салт-дәстүрлері – бұл ұлттық доктринаның бір бөлігі, төрт ережелерге негізделген: сенімділік, ашықтық, төзімділік, тсалт-дәстүрлер. Іс-шара «Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің білімпазы» атты викторинасымен аяқталды.

#nauryznama2025