«Таза болса табиғат — аман болар адамзат»
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сейсенбі, 03 Маусым 2025 09:11
- Автор: Super User
- Қаралды: 2
5 маусым 2025 жылы Қазақстанда Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді. Осы мерекелер қарсаңында және экологиялық тәрбие беру, табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында Жітіқара ауданының «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларға қолдау көрсету орталығында» «Таза болса табиғат — аман болар адамзат» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: Балалардың экологиялық ойлау қабілетін, дүниетанымын, эстетикалық көзқарасын дамытып, табиғатқа деген көзқарасын шығармашылық арқылы жеткізу.
Байқауға әр жастағы тәрбиеленушілер қатысты. Әр бала өз суреті арқылы табиғатты, су мен ауаны таза сақтау, орман-тоғай мен жануарларды қорғау сияқты маңызды тақырыптарды бейнеледі. Жұмыстар түрлі техникада орындалды: гуашь, қарындаш, акварель. Әсіресе суреттердің мазмұны мен ойды шынайы жеткізуге мән берілді.
Қазылар алқасы жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалады: тақырыпқа сай болуы, өзіндік ерекшелігі, орындалу шеберлігі. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бұл байқау балалардың экологиялық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосты. Шығармашылық арқылы олар табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы ойланып, әр адамның үлесі маңызды екенін түсінді.
#TazaQazaqstan және #ТазаҚазақстан