Дружба

2025 жылдың 9 маусымы күні Жітіқара ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін балаларды қолдау орталығында Достар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жағымды және мейірімді атмосфера қалыптастыру.

Мереке өте көңілді және әсерлі өтті: қимылды ойындар, байқаулар, музыкалық қойылымдар мен флешмоб ұйымдастырылды. Балалар командалық тапсырмаларға белсенді қатысып, достық туралы жылы сөздермен бөлісті.

Іс-шараға Қостанай қаласынан келген демеушілер мен серіктестер — Боров Микаэль, Малькова Юлия, Салыкова Бақыткүл, Ерханов Саяжан шақырылды. Олар балаларға тәттілер мен сыйлықтар тарту етіп, мерекеге қуаныш пен жылулық сыйлады.

Орталық директоры Юсупова Г.Н. қонақтарға көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыс айтып, балаларға қайырымдылық көмек көрсеткені және ынтымақтастығы үшін алғыс хаттар табыстады.

Мереке достық шайымен және естелік фотосессиямен аяқталды.