1 маусым-Балаларды Қорғау күні
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 02 Маусым 2022 05:12
- Автор: Super User
- Қаралды: 104
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Жолдауында 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. «Балаларға ерекше назар аудару керек. Олардың әл – ауқаты - мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі», - деп атап өтті президент.
Балалар жылы аясында Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында көптеген іс-шаралар жоспарланған. Осындай іс – шаралардың бірі 1 маусым-Балаларды қорғау күні болып табылады. Балалық шақтың басты мерекесі қуанышты, жылы және әсем өтті. Бұл күні орталықта мерекелік атмосфера орнады, онда ән, бимен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концертті орталық тәрбиеленушілері дайындады, сонымен қатар «Гармония» балалар шығармашылық үйі оқушылары, «Лидер» ЖБ жастар ресурстық еріктілер орталығы, 3 мектеп-лицей оқушыларының музыкалық нөмірлері орындалды.
Балаларды Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы А. К. Кабиев, Жітіқара ауданының білім беру бөлімінің басшысы М.И. Бимагамбетова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Д. Хайрат құттықтады. Сыйлықтар мен құттықтаулармен жеке кәсіпкерлер де келді.
Көрсетілген демеушілік көмектің жалпы сомасы (циркке билеттер, кафеге бару, киім, ойыншықтар, велосипедтер, тәттілер, жемістер) 346.000 теңгені құрады.