Бала құқығы - адам қуқығы

2022 жылғы 15 қарашада Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы - адам құқығы» республикалық онкүндігін өткізу шеңберінде «Панда» балалар ойын-сауық орталығына барды. Мұнда балалар көңілді және белсенді уақыт өткізе алды.

Батутта секіру, үрлемелі төбеден сырғанау және құрғақ бассейнде жүзу - ең қызықты және көңілді әрекеттер. Балаларға дәмді және тәтті сусындар берілді. Іс-шара өте жарқын және көңілді өтті. Іс-шараны ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз және ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!!!