«Қазақстанның балалары»

     2022 жылғы 7 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің Балалар шығармашылығы үйі» КММ базасында «Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы»  КММ-мен бірлесіп «Қазақстанның балалары» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша қорытынды іс-шара өткізілді. Жобаның мақсаты: шығармашылықтың әртүрлі түрлерімен әсер ету арқылы балалардың бейімделуіне жағдай жасау.

Іс-шараға Қостанай облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл А. Аманқұлова, Қостанай облысы білім басқармасының балаларды әлеуметтік қорғау бөлімінің әдіскері А. М. Закиров, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары З. С. Урманова, Жітіқара ауданы білім бөлімінің басшысы М. И. Бимағамбетова шақырылд

Квест «Ертегіге бару» ойын-саяхат түрінде өтті. 15 бала қатысты, балалар 3 командаға бөлінді: «Неугомонные», «Чудесники», «Приключенцы». Командалар станцияларды аралап, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Бірінші станция: «Суретші Тюбик», суретшімен бірге Незнайка ертегісіндегі Тюбик балалар ертегі қалашығын салды. Екінші станция: «Марья-искусница», балалар мұғаліммен бірге сиқырлы кулон жасады. Үшінші станция: «Белоснежка и гномики», кейіпкерлер іс-шараға қатысушыларды би ойындарында айналдырды. Төртінші станция: «Түлкі Алиса», Алиса балаларға күрделі сұрақтар мен қызықты жұмбақтар дайындады.

Квест қорытындысы бойынша «Приключенцы» командасы жеңіске жетті. Барлық командалар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.