"М –Apx" ЖШС директоры Евгений Макаровпен кездесу

2023 жылдың 31 қаңтарда «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-ғылыми жобасы аясында «М –Apx» ЖШС-ң директоры Евгений Макаровпен кездесу өткізілді.  Кездесу барысында Е.Макаров құрылыс саласында жобалық-сметалық құжаттаманы құрастырумен айналысатын мекеменің жұмыс бағдарымен тәрбиеленушілерді таныстырды.

Ол ғимараттарды, құрылыстарды жобалау әрі салумен айналысатын сәулетші және құрылысшы мамандықтарының маңыздылығын атап өтті. Аталған кездесудің соңында Евгений Макаров балаларға болашақ мамандықты таңдаудағы сәттілікті тілеп, жақсы маман мен өз қызметін адал атқарудың маңыздылығын белгілеп өтті. Экскурсияны ұйымдастырғаны үшін Жастар ресурстық орталығына және «AMANAT» Жітіқара аудандық филиалының «Jastar Ruhy» жастар қанатынына алғысымызды білдіреміз.