«Мен алғыс айтамын!...»

2023 жылдың 14 ақпан күні Алғыс күніне арналған бекітілген жоспар бойынша Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен «Мен алғыс айтамын!...» атты мерекелік флешмоб өткізілді. 

Оның басты мақсаты балалардың бірлігін, достығын және ұжым ішінде жұмыс істеуді көрсету болды. Оған барлық балалар қатысты. Бірі де қалмай қатысып, олар өздерін эмоционалды және әртістік жағынан би билеп көрсете білді.