1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 01 Маусым 2023 05:18
- Автор: Super User
- Қаралды: 86
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығында мереке қуанышты, сыңғырлы, жылы және әсерлі өтті. Бұл шуақты күні Орталықта мерекелік көңіл-күй болды, концерттік бағдарлама өлеңдер мен билерді қамтыды. Концертті Орталықтың тәрбиеленушілері дайындады, сондай-ақ музыкалық өлеңдерді Аюпова Ясмин орындап шықты.
Мерекенің ең басты оқиғасы – балалар алаңының ашылуы болды. «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС меморандумы аясында заманауи балалар алаңы орнатылды, онда балалар өзінің бос уақытын қызықты өткізе алады.
Алғашқы құттықтаумен Жітіқара ауданының әкімі Өтегенов Н.Қ. сөз сөйледі, ол Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы атынан «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Исаев Абдурахман Кенбейлұлына «Жас ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көп жылғы ынтымақтастық және қайырымдылық көмек үшін» Алғыс хатты табыстады. «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы атынан Орталықтың тәрбиеленушілерін қоғаммен байланыс бойынша бөлімінің басшысы Труханов А.В. құттықтады. Ол балаларға сәтті демалысты, бақытты балалық шақты, қызықты күндерді, жарқын болашақты тілеп, балаларға тәтті сыйлықтарды сыйлады.
Орталықтың директоры Юсупова Г.Н. барлық қонақтарға көмек пен қолдау, құттықтаулар мен сыйлықтар үшін алғыс айтып, береке және сәттілік тіледі. Тәрбиеленушілер барлық шақырылған қонақтарға өз қолымен жасалған кішкентай кәдесыйларды тарту етті.
Сондай-ақ, сыйлықтар сыйлап және құттықтап келген қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бектибаев М.Ж., Жітіқара өңіраралық мүгедектерді оңалту Орталығының директоры Штанько Л.П., Жітіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері Умудов Т.А., Жітіқара аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ансагаев А.Х.
Орталық тәрбиеленушілері және әкімшілігі дәмді тағамдар үшін М.Ж.Бектибаевқа, В.И.Ищановаға, "Ниязбеков" ЖК; мерекелік ахуалды әшекелеп құрастырғаны үшін "ДутоКруто" аэродизайн шеберханасына, "Веселуха" және "ШарДекор" бөлімдеріне; ойын сауық бағдарламасын ұйымдастырғаны үшін "Семья" отбасылық мерекелер студиясының аниматорларына, Феликс аюына, Микки Маус және Минниға үлкен алғыс білдіреді! Барлықтарына денсаулық, сәттілік және өркендеуіңізді тілейміз!!!