Кәріс мәдениетінің күні

2024 жылдың 7 ақпанында Жітіқара ауданының балаларды қолдау орталығында шығыс Жаңа жылының қарсаңында «Бірлік» МЕҰ кәріс мәдениетінің күнін өткізді. Этномәдени орталықтың өкілдері ай күнтізбесі бойынша Сольналь шығыс Жаңа жылын мерекелудің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Тәрбиеленушілер Сольналь кәрістер үшін отбасылық бірлігінің символы екенін білді. Осы күні жас отбасылар үлкен жастағы отбасының мүшелеріне қонаққа барып, сыйластықтың белгісі ретінде «себэ» (терең тағзым) ырымын орындау қажет. Үлкен жастағы кісілер өз жағынан жастарға бата береді. Сонымен қатар, марқұм болған аруақтарға құрмет көрсетіледі. Бұл күнгі жақсы көңіл-күй бүкіл жылға позитивті негізін қалайды, сондықтан кәріс халқы оны кең ауқымда және барлық жанымен тойлайды. Балалар ойындарға және сайыстарға белсенді қатысты, сондай-ақ балалар түрлі-түсті пайеткілермен және моншақтармен безендірілген желдеткіштерді өз қолымен жасады, олар әсемдіктің, кербездіктің және сұлулықтың символы. Дәмді тағамдарсыз ешқандай мерке болмайды. Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері тәтті және қытырлақ, кәріс ұлттық тағамы – кадюриді ауыз тиді.

   «Бірлік» Қоғамдық Ұйымы этномәдени орталығына мерекелік іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Алғысымызды білдіреміз!